Auylymdy sagyndym - RaiM
Lyrics by:Rajmbek Bauyrzhanovich Baktygereev
Composed by:Daniyar Sagdatovich Rahmetzhanov/Rajmbek Bauyrzhanovich Baktygereev
Ауылымды сағындым бауырымды сағындым
Елімнің туған жерімнің топырағын сағындым
Әкешімді сағындым анашымды сағындым
Айналайын деген сөзін алақанын сағындым
Алло мама қалыңыз қалай
Сіздің рәкөшіңіз басқаларға райм
Қазір жолда тұрмын сол баяғыдай
Иә шын айтамын жол тарттым сізге қарай
Әрине әзірлеңіз шәйіңізді сағындым
Ауасын ауылдың иісін бауырдың
Сағындым шыны керек сағындым
Иісін бауырдың
Әкеме айтшы мама дайындасын жылқыларын
Шауып қайтайықшы асып дала қырларын
Далада отырып айтатын көп сырларым
Себебші сіздер бүгін ерте тұрғаным
Тартылып жүр екен турникке әкем салдырған
Фотодан көрдім бозарыпты інім балдырған
Шылдыр шүмек тентек інім
Күтіп тұрсыншы алдымнан мені бүгін
Ауылымды сағындым бауырымды сағындым
Елімнің туған жерімнің топырағын сағындым
Әкешімді сағындым анашымды сағындым
Айналайын деген сөзін алақанын сағындым
Уақыт өткенін сеземін бірақ миыма кірмепті
Қалай Ілияс қар тазалайтын жасқа жетті
Қалайша Диас асау тайларды үйретіп жүр
Тіпті жіңішке дауысы жуандап кетіпті
Мама үйге кірейік жүр сырт аяз
Шай әзірлеші мама сосын да кір жаясың
Әке балта қайда Шай дайын болғанша
Ағаш жарып ломмен мұз ояйын
Есік алды мұз таясың
Қораға киетін киімім ініме шақ болыпты
Мартаның бұзауларымен аула толыпты
Айтпақшы әке
Жолшыбай Ербол аға жолықты
Мақтады мені кеше теледидардан көріпті
Мама тамағың сол баяғы тәтті
Шыны керек шаршадым қанша күттім осы сәтті
Бесеуміз отырып жоспар құрайық оңашада
Ендігі келінмен келемін болашақта
Ауылымды сағындым бауырымды сағындым
Елімнің туған жерімнің топырағын сағындым
Ауылымды сағындым бауырымды сағындым
Елімнің туған жерімнің топырағын сағындым
Әкешімді сағындым анашымды сағындым
Айналайын деген сөзін алақанын сағындым